RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Жапония - Қазақстандағы ірі инвестор

18.12.2025, 15:20 256

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Парламентіндегі Қазақстанмен достық лигасының мүшелерімен кездесті.

Тошиаки Эндо бастаған құрылымның қызметіне Президент жоғары баға беріп, оны екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сондай-ақ «Токиомен жан-жақты ықпалдастықты одан әрі арттыруға баса мән береміз» деп, парламентаралық диалог тереңдей түскенін жеткізді. Жапония Қазақстандағы ірі инвестордың қатарына кіреді. Былтыр тауар айналымы 2 млрд долларға жетті. Бұл – Жапонияның Орталық Азия мемлекеттерімен жалпы сауда көлемінің 70 пайызынан астамы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы сынды салаларда нақты жобалар бар. Одан бөлек мемлекет басшысы алда болатын премьер-министр Санаэ Такаичимен өтетін кездесу - саяси диалогты тереңдетіп, экономикалық және гуманитарлық алыс-берісті жандандыруға жол ашатынына сенім білдірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz