Президент Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагаға Қазақстандағы белсенді қызметі және Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Әрі ел экономикасының негізгі секторларында кәсіпорынның қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдады. Сондай-ақ өзара қызығушылық танытқан салалар қатарында аса маңызды минералдар, көлік-логистика, табиғи апаттардың алдын алуға арналған технологияны енгізу бағыттары бар. Қазақстан Президентінің Токиоға сапары аясында Mitsui компаниясымен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қою жоспарланған.
Тегтер #Таңдаулы #президент #төраға #кездесуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz