Халықаралық қоғамдастық институттары тиімді қызмет етуі үшін өзара сенімді қалпына келтіруі қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев дәрісте осылай деп, стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіст екенін айтты.
Президенттің пікірінше, бүгінгі сын-қатерлерге бірде-бір мемлекет жалғыз өзі төтеп бере алмайды. Тек түбегейлі және тиімді ұжымдық іс-қимыл ғана ұзақ мерзімді нәтиже береді. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек екенін жеткізді.
Тегтер #Тоқаев #халықаралық институтPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz