RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Жемқорлықпен күрес — мемлекеттік саясаттың басым бағыты

09.01.2026, 14:19 430

Президент неліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесі жойылғанын түсіндірді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жемқорлықпен күреседі. 

Екі мекеменің бір міндетті атқаруы мемлекеттік маңызды іске кесірін тигізеді. Бұл туралы Президент «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтты. Жемқорларды ғана емес, қылмыстық әрекеттің идеологтары мен ұйымдастырушыларын да жауапқа тарту үшін сондай шешім қабылданды. Ал ағарту жұмыстары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзырында қалады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауы тиіс», - деді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz