RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет

09.01.2026, 20:00 523

Жауапты мемлекет пен саналы қоғам – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы құн­ды­лықтарды берік ұстанғандар ғана өткен­нен тағылым алып, болашаққа сеніммен қадам баса алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Түркістан» газетіне берген сұхбатына пікір білдірген ғалымдар осылай дейді. Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Нәзигүл  Төленбергенова келелі сұхбат Қазақ­стан­ның дамуындағы жаңа белесінің идео­логиялық негізін айқындағанын айтады. Бұл бет­бұ­рыс­тың басты шешімі – шындықты мойындау, жауапкершілікті бөлісу, реформадан қорықпау. Әрі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы: Нағыз отаншыл азамат жұрттың алдында кеудесін соғып көпірмейді, етегі жасқа толып еңіремейді, оңды-солды сұхбат беріп ділмәрсімейді. Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету деген сөз. Қоқысты жинау, тал егу, табиғатты аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де – отаншылдықтың белгісі деген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz