Заңсыз активтерді елге қайтару ісі жалғасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан" газетіне берген сұхбатында осылай деген болатын. Мұны мемлекеттің мызғымас ұстанымы деп атады. Жалпы заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комитет үлкен олигополия өкілдерінен 1,3 трлн астам теңге өндірді. Соның 1 трлн-нан астам теңгесі мемлекет қазынасына түсті. Арнайы мемлекеттік қордағы қаражат есебінен елімізде жалпы құны 482 миллиард теңге болатын 434 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр. Оның қатарында 227 сумен қамтамасыз ету, 183 денсаулық сақтау, 11 білім беру, 5 спорт, 8 инфрақұрылым нысанының құрылысы бар. Сондай-ақ Павлодар, Арқалық, Балқаш қалаларындағы әуежайлар жаңартылып жатыр. Бас прокуратураның жанынан құрылған арнайы комитеттің Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі мекеме болып өзгеруі де өзекті. Өйткені активтері күмән тудырып, күдікке ілінген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірген. Олармен 5 трлн теңгеден асатын келісімдер жасалған. Қаражат есебінен инвестициялық және әлеуметтік жобалар жүзеге асады.
1,3 трлн-нан астам теңге өндірілді
1 трлн-нан астам теңгесі мемлекет қазынасына түсті
482 миллиард теңгеге 434 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр
227 сумен қамтамасыз ету,
183 денсаулық сақтау,
11 білім беру,
5 спорт,
8 инфрақұрылым нысандары
Павлодар, Арқалық, Балқаш қалаларындағы әуежайлар жаңартылып жатыр
Тегтер #президент #заңсыз активтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz