Банктер мен микроқаржы ұйымдары былтыр несиеге батқан 700 мыңнан аса азаматтың қарызын реттеп, ішінара кешірді.
Оған қоса жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қолданысқа енгелі бері 56 мың адамның 200 млрд теңгеден аса берешегіне кешірілген. Бұл туралы Президенттің қабылауында болған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Мәдина Әбілқасымованының айтуынша, былтыр тұтынушылық кредиттер беру екі есе азайды. Ал бизнеске берілген несиелер шамамен 18 пайызға артып, 15 трлн теңгеге жуықтады. Кәсіпкерлер 17,5 трлн теңгеге жаңадан несие ресімдеді. Ипотекалық тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 1,2 мың қарыз алушыға қолдау көрсетілді. Ал банктердің активтері 70 трлн теңгеге жуықтады. Агенттік саладағы тексерісті күшейткен. Нәтижесінде 628 қадағалау шарасы қолданылып, 641 млн теңге айыппұл салынды. Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығындағы 58 субъект лицензиясынан айырылды. Мемлекет басшысы сала серпілісіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #банктер #микроқаржы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz