Мемлекет басшысы банктер және банк қызметі туралы Заңға қол қойды.
Енді екінші деңгейдегі банктер үшін лицензияның екі түрі енгізілді. Олар базалық және әмбебап лицензия. Бұл тәсілдің мақсаты – нарыққа жаңадан қосылған қаржы ұйымдарды қолдау, орнықты әрі бәсекелес ортаны қалыптастыру. Қос лицензия рұқсат етілген операциялар көлемі мен реттеушілік талаптар деңгейі бойынша ерекшеленеді. Заң жобасында активтердің ең жоғары мөлшері мен меншікті капиталдың ең аз мөлшеріне шектеулер қойылады. Қазіргі кезеңде активтердің мөлшерін 500 млрд теңгеге дейін және капиталдың ең аз мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін шектеу жоспарлануда. Базалық лицензиясы бар банктерге бейрезиденттер мен үлестес тұлғаларға кредит беруге тыйым салынады. Бұл шағын банктердің орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тегтер #президент #банк #жаңа заң #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz