«ЖИ дәуіріндегі мемлекеттік басқару және талдау».
Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев талдау мектебінің тыңдаушыларына осындай тақырыпта дәріс оқыды. Жобаның бесінші легіне қатысуға 1000-нан астам өтінім түскен. Ал конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті. Палата Спикері Сенат жанындағы Талдау мектебі мен Сарапшылар клубы жас мамандардың аналитикалық қабілеті мен цифрлық мүмкіндіктерін кешенді түрде жетілдіруге және олардың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіруге ықпал ететінін тілге тиек етті. Мұндай қадам мемлекеттік басқаруды өзгертуге, оны одан әрі икемді, заманауи және инновациялық етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлемде болып жатқан процестердің өзара байланысына, олардың зерттеу кезінде ескерілуге тиіс екенін айтты. Жалпы, мектептің биылғы дәрістер бағдарламасы: тиімді басқару қажетті деректер, аналитика және жасанды интеллект тақырыбы аясында әзірленген. Осы орайда 7 негізгі бағыт бойынша баяндамалар дайындалады. Бесінші кезеңдегі оқыту бағдарламасы сегіз аптаға жалғасады. Әрі сараптамалық материалдар жинағы жарық көреді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аналитикалық қабілеттері жоғары және тың тәсілдерді меңгерген мамандардың жаңа толқынын даярлаудың маңызды екенін үнемі айтып келеді. Қазір кез келген шешім көптеген факторды ескеруді талап етеді. Ал аналитика басқару жүйесіндегі стратегиялық маңызды тетікке айналуда. Бұл ретте талдау қабілеті мен заманауи цифрлық мүмкіндіктердің үйлесімі де аса маңызды. Талдау мектебі – осы бағыттағы мақсат-міндеттерді іске асыруға қосқан біздің нақты үлесіміз.
Айна Задабек, Сенат жанындағы «Талдау мектебі» жобасының қатысушысы
Тегтер #жасанды интеллект жылы #мемлекет #Мәулен Әшімбаев #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz