RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіреді

19.01.2026, 13:36 908

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырды.

Сондай-ақ Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуды ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты. "Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады", - деді Руслан Желдібай. АҚШ президенті бастамашы болған Бейбітшілік кеңесіне бірқатар елдің көшбасшылары шақырылған. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия бұл ұсынысты қабылдады. Ал Франция, Германия және БАӘ басшыларынан, әзірге, ресми жауап жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz