RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық құрылтай: Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Live

20.01.2026, 13:10 301

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы жалғасып жатыр. Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер талқылануда. 

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы ел дамуына дем берер бірқатар бастамаларды атап өтті. Соның ішінде Сыр өңірінің даму қарқынына айрықша тоқталды. Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Президент соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өтті. Өңірде 3 жылда 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынған. Оған қосы 40 медицина нысаны аншылған. Қазір Көкарал бөгетін биіктету жұмыстары қолға алынып жатыр. Жоба биыл басталады. Кіші Аралдың суын көбейтуге мүмкіндік болады. Президент Біріккен ұлттар ұйымы аясында халықаралық су ұйымын құруды ұсынғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы елде екпінді даму барын айтты. Былтыр Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы үлесі 15 мың доллар болды. Бұл орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Реформалардың жүйелі жүзеге асуында Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстар негізінде 26 заң қабылданған. Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Ойынқұмарлыққа, нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Анамастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Бұл елдік мәселелер көтерілетін маңызды диалог алаңының жемісі. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнер саласында бұрын соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынатынын да жеткізді. Алматы облысында Қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Екі жылда елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді. Еліміздің рухани мұрасын әлемге таныту жұмыстары жалғасады. Ұлттық құрылтайды жасалған ұсыныс та, алдағы жоспарлар да елдің келешегі үшін маңызды бастамалар болды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz