RU
Толық нұсқаға өту

Конституциялық комиссия құру: Президент арнайы Жарлыққа қол қояды

20.01.2026, 16:06 654

Біз бір ел, бір халық болып, қазіргі алмағайып заманның сын-қатерлеріне төтеп береміз, оларды еңсереміз.

Ұлттық құрылтайда осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бастамалар жалпыхалықтық референдумда қолдау тапқан жағдайда Қазақстан жаңа тұрақтылық деңгейіне көтеріледі деді. Алдымызда тұрған реформаларды жүзеге асыру 1995 жылы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын бекітілген үлгіден мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшу деген сөз. Президент бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланғанын айтты. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп болған. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарса, ендігі өзгерістер одан да ауқымды болмақ. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz