RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Парламентте неше депутат болады?

20.01.2026, 16:19 400

Елде бір палаталы Парламенттің атауы «Құрылтай» болмақ.

Бұл жайында бүгін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, саяси жүйеде бұл атауды аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек. Ал депутаттар саны болса 145 болмақ. Айта кету керек, халық қалаулылары 500-ге дейін болу керек деген де ұсыныстар түсіпті. Сондай-ақ жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек. Халық қалаулылары енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Яғни партиялық тізім бойынша. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтпек. Ал мәслихаттарда мажоритарлық жүйе сақталады. Тағы бір жаңашылдық: Парламентте енді Президенттің де, Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы да алып тасталады. Демек, депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмайды. Ал жастарға, әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған квота еш өзгеріссөз сол қалпы сақталып қалады. 

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұған қоса, партиялардың Парламентке өту межесін қазіргі бес пайыздан жеті пайызға қайтару қажет деген пікір айтылды. Бұл ереже кезінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасымен қабылданған болатын. Бес жыл бұрын енгізілген осындай өзгерістер сайлау заңнамасын жақсартуға едәуір септігін тигізді. Межені төмендету арқылы Парламенттегі ірі саяси күштердің үстемдігін азайтып, партиялар арасындағы бәсекені күшейтуді мақсат тұтқан едік. Бүгінгі таңда осы норманың тиімділігіне көзіміз жетті. Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партияның өтуі соның айқын дәлелі. Сондықтан мен бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz