RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қошанов құрылтайда көтерілген бастамаларға қатысты пікір білдірді

21.01.2026, 19:14 238

Мемлекет басшысының президенттік квотадан бас тартуы, Ассамблея квотасын алып тастауы – Парламентке толық дербестік беру дегенді білдіреді.

Мәжіліс төрағасы осылай деді. Ерлан Қошанов қазақ басшысының құрылтайда көтерген бастамаларына қатысты пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламентті Құрылтай деп атауды ұсынып, елде вице-президент болу керек - деді. «Бірден айта кетейін, бұл билікті бөлу емес. Мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі заманға бейімдеу. Осы ұсыныстар Қазақстанның саяси жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, жаңа институционалдық деңгейге көтереді», - деді төменгі палата спикері.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Бұл реформалар – ұлттық деңгейдегі институционалдық трансформацияның бастауы. Соның аясында мемлекеттік құрылымның концепциясы кешенді түрде өзгермек. Сөйтіп, билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады. Бұл қадамдарды «Президент Тоқаевтың әділет жолы» деп айтуға болады. Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттікке кіріскен алғашқы күннен бастап кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі, кешенді реформалардың заңды жалғасы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz