RU
Толық нұсқаға өту

Су бойынша көршілес елдермен келісім қажет

22.01.2026, 07:18 273

Президент Сыр бойындағы Ұлттық құрылтай отырысында су мәселесіне ерекше тоқталды.

Жылдар бойғы қажырлы жұмыстың арқасында Солтүстік Аралдың тамырына қан жүгіргенін айтты. Ендігі мәселе басқа да өзен-көлдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Себебі елдегі өзендердің барлығы дерлік сырттан бастау алады. Осы орайда Мемлекет басшысы “...Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет” деді. Былтыр Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынған еді. Қытайға барған сапарында да Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын Қазақстанда ашуды қолдайтынын айтты. Қазір Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша келісім жасалды. Соның нәтижесінде Солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстары жемісін берді. 2023 жылдан бері 5 млрд текше метр су құйды. Теңіздің көлемі 24 млрд текше метрден асты. Ал 2030 жылға қарай 27 млрд текше метрге жетуі тиіс. Осы мақсатта Дүниежүзілік банктің грантына су торабын салу көзделген. Бұл Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріндегі су деңгейін тұрақтандырады. Сонымен қатар Көкарал бөгетін 2 метрге көтеру жоспары бар. Жоба теңіздегі су көлемін көбейтуге қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz