RU
Толық нұсқаға өту

Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобы жеті рет жиын өткізген

22.01.2026, 15:55 228

Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобы жеті рет жиын өткізген. Бұл туралы мемлекет басшысы Құрылтайда сөйлеген сөзінде айтты. 

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Парламент құру туралы бастаманы алғаш Қазақстан халқына жолдаған жолдауында айтты. Кейіннен 8 қазанда жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды. Осылайша, бірінші отырыс Президенттің қатысуымен қазан айының ортасында өтті. Желтоқсан айында екі рет, ал жаңа жылдан бері үш рет басқосу болған. Соңғы отырыс Сыр бойында болған Құрылтай қарсаңында өтті. Жұмыс тобының құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz