Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп аз-кем әңгімелесті.
Осыған байланысты бірқатар БАҚ өкілдері әңгіменің мазмұнына қызығушылық танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын құжатта Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы маңызды жетістік ретінде аталғанын айтты. Сондай-ақ ол Америка президентіне ел ішіндегі саясатты парасаттылықпен жүргізуге табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру бастамасына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Президентіне алғысын жеткізді.
Тегтер #Давос #Трамп #ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz