Қостанай облыстық әкімдігінде өткен кеңесте жаңа Коституцияның жобасы талқыланды. Конституциялық реформаның мән-маңызы жайлы халық арасында кеңірек түсінік жұмыстарын жүргізу керек.
Оған зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері атсалысуы қажет. Жиынға қатысушылар Ата Заңға еңгізілген өзгерістер мен түзетулер жайлы ой-пікір алмасты.
Конституциялық реформа- мемлекеттік билік пен адам құқығы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін, уақыт талабынан туындаған қажеттілік. Сол себепті де, жаңа құжаттың кіріспесінен бастап аяғына дейін адамның құқығы мен бостандығы басты құндылық.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Жаңа преамбулада алғашқы рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтары жарияланды және адамға деген құрмет, жауапкершілікпен әділеттілік қағидаттары қойылып отыр. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін деген ұстаным мемлекеттің барлық саясатының өзегіне айналуда.
Сонымен 130 сарапшы мен маманнан құралған конституциялық комиссия Ата Заңымыздың жаңа нұсқасын халық талқысына ұсынып отыр. Жалпы мәтіннің 84 пайызы өзгертілген. Былайша айтқанда, Конституция жаңадан жазылды десе болады.
Сайлаубек Есжанов, Қостанай облыстық мәслихат хатшысы:
- Контитуциялық кеңес құрылды. Соның ішіне мен де кірдім. Астанада алты отырысы болды. Бәрі ашық өтті. Жетпіс жеті бапқа өзгеріс кірді. Қоғамдық кеңестің рөлі күшейуі Халық кеңесі деген тек конультативтік емес, заң жағынан үлкен әсер ететін институт болатын болады.
Облыстық Мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері де бас қосып, Ата Заңға еңгізілген өзгерістер мен түзетулер, оның қоғам үшін мән-маңызы жайлы пікір алмасты.
Серік Бектұрғанов, Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Әрине, әлі де ұсыныстар айтылады. Қызу талқыға түсуі мүмкін. Ел өміріндегі елеулі оқиға болған соң, ол дұрыс. Бірақ ашық, сындарлы диалог болу қажет. Конституциялық реформаның қандай өзгеріс әкелетінін халыққа қарапайым тілде жеткізіп, түсіндіре білу маңызды.
Ата Заң жобасына қатысты кез келген Қазақстан азаматы ұсыныс жолдай алады. Ол хабарлама түскен сәттен 15 күннің ішінде қаралады. Ал жаңа Коституция бойынша нақты шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қостанай #конституциялық реформа #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz