RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады

02.02.2026, 23:20 443

«Қоғам талқылауына түскен жаңа Конституция жобасында негізінен мемлекеттің дамуына, болашағына басымдық берілген», - дейді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Мақсат Жақау. 

Саясаттанушының айтуынша, демократиялық азаматтық қоғамның құқығы айқындалып, салмағы арта түсті. Конституциялық реформаның тағы бір мақсаты – мемлекетшілдікті мақсат етеді. 

Мақсат Жақау, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры:

- Конституция арқылы мемлекетіміздің демократияландыру процесін анағұрлым алдағы сатыларға биіктетеді. Бұл өте дұрыс. Мәселе бүгінгі ұрпақ үшін емес, мәселе келешек ұрпақ үшін. Конституция ол халықтық референдум арқылы жүзеге бекітіліп, анықталуы мүмкін. Бірақ оның нәтижесі ертең екі-үш жылдан кейін, бес жылдан кейін, он жылдан кейін толыққанды жаңа ұрпақтың бойындағы, көзқарасындағы Конституцияның өмірін қалыптастырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz