RU
Толық нұсқаға өту

ҚР Сыртқы істер министрі Түркия президентінің қабылдауында болды

03.02.2026, 09:09 273

Анкараға ресми сапармен барған еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды.

Кездесу барысында министр Ердоғанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізді.

Тараптар қазақ-түрік қатынастарының стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Ведомство өкілі Мемлекет басшысының атынан Ердоғанға елімізде өтетін халықаралық іс-шараларға қатысуға ресми шақыру табыстады.

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Сол кездесуде Түркия Президенті Ердоған мырза өз ризашылығын біздің Президентімізге білдірді. Мамыр айында бізде өздеріңіз білесіздер, үлкен форум өтеді экологияға байланысты. Сол форумға және басқа шараларға Президенттің шақыруын тапсырдым. Түрік тарапы қабылдап, жақын арада өз жауабын береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz