RU
Толық нұсқаға өту

Бірнеше мәдениетті тоғыстырған Пәкістан

03.02.2026, 13:09 221

Пәкістанның Қазақстан сияқты көп векторлы ұстанымдағы ел екенін айттық.

Қос елдің экономикасында да ұқсас тұстар бар. Мәселен, Пәкістан да - аграрлы ел. Экономикасының негізгі тірегінің бірі - осы ауыл шаруашылығы. Онда күріш пен мақта, картоп пен бидай көп өсіріледі. Жалпы алғанда, Пәкістан қазір сауда, энергетика және көлік салаларына басымдық беріп отыр. Әлеуетін арттырып, экономикалық тұрғыда маңызды аймаққа айналып үлгірді. 

Пәкістан табиғаты әсем, тарихы терең, халқы қонақжай ел. 240 миллионнан көп тұрғыны бар. Онда бір емес, бірнеше мәдениет және өркениет тоғысқан. Ел халқының 96 пайызы мұсылман. Әлемдік картаға зер салсақ, Пәкістан аумағы Орталық Азия, Таяу Шығыс және Қытай бағыттарын байланыстырады. Өңірлік деңгейдегі ықпалы сонысымен күшті. Мұхитқа тікелей шығатын мемлекет болғандықтан логистика саласында әлеуеті зор. Қазір осы бағытта бірқатар елмен байланысын нығайта түскен. 

ЦИТАТА 

Саад Ханиф, Ismail Iqbal Securities зерттеу орталығының сарапшысы:

- Былтыр Пәкістан қымбат автокөліктерді көптеп импорттады. Бір жылдың өзінде 35-40 жаңа темір тұлпар моделін импорттадық. Нәтижесінде импорт көлемі 9%-ға өсіп, 64,93 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 59,54 млрд АҚШ долларына тең болған.  

Пәкістан - аграрлы ел. Экономикасының негізі тірегінің бірі осы ауыл шаруашылығы. Елде күріш, мақта, картоп және бидай көп өсіріледі. Мелекетте тоқыма, киім өндірісі де жақсы дамыған. Оның едәуір бөлігі экспортталады. Кейінгі жылдары Пәкістан мәдени туризмге зор көңіл бөліп жатыр. Ел тарихи нысандар мен туристік инфрақұрылымдарды қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарына ден қойған. Әсіресе аспанмен астасқан таулы аймақтарына саяхат кеңінен танымал.  

ЦИТАТА

Самеер Ашфах, фотограф:

- Пәкістан туралы айтылатын пікірлер саналуан. Алайда бұл елге табан тіреген адам мұндағы халықтың қонақжай екенін бірден сезеді. Қонақты құрметтеу пәкістандықтардың күнделікті болмысына сіңген асыл қасиет. 

Пәкістан ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ сияқты көптеген халықаралық ұйымның белсенді мүшесі. Осыдан 5 жыл бұрын ел Үкіметі аймақтық өзара байланыс аясында бес басым бағытты жариялаған еді. Атап айтсақ, саясат, сауда, инвестиция, энергетика және көлік-коммуникация стратегиялық маңызы зор деп танып, осы бағыттағы бастамаларды қолдауды күшейткен. Мемлекет қауіпсіздік пен қорғаныс саласында да серіктестікті нығайтып, өзара сенім мен құрметке негізделген қатынасты өрбітуге ниетті. 

Нұрбике Жігер

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz