Жаңа Конституция жобасы бір жұмада асығыс жазыла салған құжат емес.
Ол жылдар бойы талқыға түсіп, кәсіби деңгейде пысықталған негізгі заң. Осылай деген мәжілісмен Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының кеңейтілген отырысында бір қатар сауалдарға жауап берді. Жиынға депутаттар, саяси кеңес мүшелері, өңірлік филиал жетекшілері мен партияның белсенді өкілдері жиналды. Қатысушылар Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған жаңа Ата заңды талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды. Партиялықтар елдегі саяси шешімдер ауыл-аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, өзін өзі басқару жүйесіне оң ықпалын тигізеді деп сенеді.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біріншіден, ең басты құндылық - ол адам. Ол конституциямызда бұрыннан да болды. Оның жаңағы бостандық құқықтары және де жаңадан бастап жатқан қадамдарымыз ол адами капитал. Ол білім мен жаңа ғылым. Ол жаңа инновациялар. Ол жаңа әлемдегі болып жатқан үрдістен біздер игері қалып қоюға болмайды. Одан да біздер конституция деңгейіне көтеріп жатырмыз. Негізгі бағыттарымыз осы.
Тегтер #Ауыл партиясы #конституциялық реформа #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz