Жаңа Конституцияның жобасы қоғам, мемлекет және жеке тұлға арасындағы тепе-теңдікті сақтайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев реформаны талқылауға арналған ведомства басқосуында осылай деп, өзгерістердің артықшылықтарын жіпке тізді. Жиынға қатысушылар Ата Заң жобасына енгізілетін түзетулерді қарап, ұсынылған бастамалар қазақстандықтардың талабына сай келетінін жеткізді. Оған қоса әділеттілік, заңдылық пен тәртіп қағидаттарының ресми түрде бекітілгенін айрықша атап өтті. Әсіресе сала мамандары жаңа Конституциядағы адами капиталға қатысты нормаларды қолдап отыр. «Бұл – еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатқа серпін береді», - дейді олар.
Ерасыл Жұманбаев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті:
- Адами капиталды дамыту бірінші кезекте болады. Жаңа Конституцияда еңбек шарттарын ғана қолдамай, оны құқықтарын біздің халыққа беру құқықтары өте қарқынды жазылған. Сондықтан алдыңғы Конституциядан гөрі мұнда толыққанды адами еңбекті қорғау құқықтары нақтырақ көрсетілген деп санаймыз.
Тегтер #конституциялық реформа #капитал #еңбек шарттарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz