RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандағы Конституциялық реформа

03.02.2026, 21:34 354

Астанада Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың жеңімпаздары анықталды. Байқауға өлеңдер, прозалар мен балалар ертегілерінің авторлары қатысты. 

Жеңімпаздар төрт номинация бойынша іріктелді. Еліміздің түкпір-түкпірінен елуге жуық адамның туындысы сайысқа түсті. Бұдан бөлек, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаттары да марапатталды. Салтанатты рәсімде әдебиет туралы ғана емес, елдегі үлкен өзгерістер, соның ішінде конституциялық реформа туралы да айтылды. 

Президенттік арнаулы әдеби сыйлық – қазақстандық авторлар үшін ең беделді марапаттардың бірі. Бүгін оның лауреаттары Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің қолынан арнайы марапаттарын алды. Жеңімпаздарды құттытау сөзінде Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін қаламгерлерге алғыс айтып, мемлекет бұл саланы жүйелі түрде қолдайтынын атап өтті. Жыл сайын жүздеген кітап жарық көріп, қаламақы төленеді. Былтыр бүкіл ел бойынша кітапханалардың қорын толықтырған жүзден астам басылым шықты. Зиялы қауымның рөлі де ерекше назарда. Министрдің айтуынша, шығармашылық қауым өкілдері бүгінде қоғамдық өзгерістердің алдыңғы қатарында тұр. Олар қоғамдық пікірталасқа қатысып, негізгі саяси процесстерге араласады. Соның ішінде конституциялық реформаға өз үлестерін қосуда.

Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі:

- Расында, тарихи мұраны сақтау мен төл мәдениетті қолдау – баршамызға ортақ міндет. Бұл ұстаным алғаш рет Конституция жобасында нақты көрініс тауып, мәдениет пен руханият мемлекет дамуының маңызды тіректерінің бірі ретінде айқындалдыОсы тұрғыдан алғанда, Конституция жобасында мәдениетке берілген басымдық – сөз өнеріне, шығармашылық еркіндікке, ұлттық ой-сананың жаңаруына бағытталған маңызды шешім деп білемін. Сондай-ақ жаңа Конституцияда білім мен ғылымға, мәдениет пен инновациялық дамуға айрықша басымдық берілуі – мемлекетіміздің стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді. Бұл таңдау елдің басты капиталы – адам әлеуетін дамытуға, әр азаматтың білімі мен дарынын ашуға, прогреске бастайтын жаңа технологиялар мен шығармашылық ойды қолдауға бағытталған.

Егер президенттік сыйлық ең жоғары марапат белгісі болса, «Айбоз» ұлттық байқауы ие өз алдына бөлек құрмет белгісі. Жоба осымен төртінші рет өткізілді.  Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Биыл екі жүзге жуық жазушы мен ақын қатысуға өтінім берді. Жеті номинация бойынша жеңімпаздар анықталды, ал жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.

Саян Есжанов, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық иегері, ақын:

- Президенттік арнаулы әдеби сыйлығына мен «Құмдағы хикая» деген поэма жазған болатынмын. Сол көптеген поэмалардың ішінен жүлделі болып марапатқа лайық деп танылды. Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы – жастарға үлкен ынталандырушы сыйлықтардың бірі. Бұл әрине, қалтасын қампайта қоймаса да, алдағы уақытта үлкен, ірі кесек шығармаларды жазуға, үлкен қаламгерге айналуға ықпал ететіндей сыйлық деп ойлаймын. 

Әдеби туындылар тек шығармашылық қана емес, елдің өткені мен бүгінін бейнесін көрсететін құрал. Мәдени мұра. Сондықтан мұнда тарихи мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау маңызды, бұл мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Премьер-министр орынбасарының айтуынша, бұл мәселе алғаш рет жаңа Конституция жобасында да нақты жазылған. Онда мәдениет пен рухани құндылықтар республиканы дамытудың маңызды тіректерінің бірі ретінде аталған.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Асхат Қарақойшиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz