RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан – Пәкістан: инвестициялық платформа құрылуы мүмкін

04.02.2026, 13:10 239

Исламабадтағы Қазақстан-Пәкістан бизнес форумында екі елдің іскер топтары арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында өтіп жатқан шараға қазақстандық тараптан 143 компанияның өкілі қатысып жатыр. Оның 24-і квазимемлекеттік сектор, ал 119-ы бизнес-қауымдастық мүшелері. Пәкістан тарапынан 180 компания қатысуда. Форум нәтижесінде екіжақты бірлескен инвестициялық платформа құру, Пәкістанның порт инфрақұрылымын пайдалана отырып, көлік-логистикалық маршруттарды дамыту секілді бірқатар ауқымды келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz