Қазақстан мен Пәкістан өзара тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Былтыр алыс-беріс екі есеге жуық ұлғайып, 100 млн долларға жеткен.
Бұл − сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін алғышарттардың бар екенін растайды. Осыған орай Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Пәкістан Ислам Республикасының Коммерция министрі Джам Камал Хан кездесіп, әлеуетті бағыттарды талқылады. Агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өнімдері, мұнай-химия өнеркәсібі, металлургия, машина жасау мен фармацевтика саласындағы серіктестікке басымдық берілетін болды. Тараптар екіжақты тауар айналымын $1 млрд-қа дейін жеткізуге ниетті екенін растады. Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Соған сәйкес ортадағы келісімді іске асыру бойынша QazTrade пен TDAP-қа тиісті міндеттер жүктелді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #ПәкістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz