RU
Толық нұсқаға өту

Министр жалған ақпарат таратпауға шақырды

04.02.2026, 20:21 340

Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада аран-датушылар, негізсіз ақпарат таратып, танымал тұлғалардың атынан жалған парақшалар мен аккаунттар ашқаны туралы айтылған. Сондай-ақ елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесіп жатыр дейді ол. Осыған байланысты министр тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды. Және жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz