Енді "шетелден жұлдыздарды шақырып, мәдени-бұқаралық шара өткіземін" деушілер уәкілетті органмен алдын ала келісуі қажет.
Яғни шара ұйымдастырушыларына 30 күн бұрын келісу міндеті белгіленеді. Сондай-ақ креативті индустриядағы кәсіпкерлік арқылы таланттарды дамыту өкілеттігі әкімдіктерге беріледі. Бүгін Сенат отырысында кейбір актілердің креативті индустрияларды қолдау және дамыту заңы қаралып, мақұлданды. Ол «мәдениет туралы», «кинематография», «мемлекеттік жастар саясаты» және «мемлекеттік мүлік туралы» жекелеген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар ензуді көздейді. Қабылданған құжат шығармашылық әлеуетті экономиканың бір бөлігіне айналдыруға, мәдени және креативті өнімдердің сапасы мен мағыналық жағын арттыруға мүмкіндік береді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қаралған заң еліміздегі креативті индустрия саласын реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, саланы қолдауға бағытталған бірқатар жаңа тетіктер енгізіліп отыр. Сонымен қатар өкілетті органның құзыреттері нақтыланып, қосымша міндеттер жүктеледі. Жалпы заң еліміздің креативті экономика секторының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз.
Тегтер #Сенат #креативті индустрия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz