Жаңа Конституция ел болашағының кепілі.
Қазақстан Халық партиясының мүшелері Ата заң жобасына осындай баға беріп отыр. Құжат мемлекеттік басқаруды жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Партия белсенділерінің пайымдауынша, вице-президент институтының енгізілуі билік тармақтарының арасындағы үндестікті арттырып, мемлекеттік аппараттың жұмысын ширата түсетін маңызды реформа. Қазіргі таңда Ата Заң жобасы жалпыхалықтық талқылау сүзгісінен өтуде. Партия өкілдері әрбір азаматтың үні естіліп, әрбір сындарлы ұсыныстың ескерілетініне сенім білдіреді.
Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Көп ұсыныс берді негізі білесіздер. 2000-нан астам жалпы ұсыныс болды. Соның ішінде біразы Қазақстан халық партиясының ұсыныстары болды. Біз берілген ұсыныстар ішінде біз фракция талқылаған кезде ол жаңағы білім мәселесіне қатысты жаңағы тегін болсын деген сияқты. Бұл мемлекет тарапынан міндетті түрде жүзеге асу керек деген сияқты. Одан басқа адам құқықтарын қорғау бойынша бостандықтарын қорғау бойынша ұсыныстарды бердік. Сосын мына бір палаталы парламентке келген кезде қанша депутат болу керек деген сияқты ұсыныстар айтылды. Оған қоса жаңағы комитет саны қанша болу керек, қандай мәселелер қарау керек, ол басқа мемелекеттік органдармен қарым-қатынасы бойынша ұсыныстар берілді.
Тегтер #конституциялық реформа #Қазақстан #партия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz