Мемлекет басшысы Пәкістанның президенті мен премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты. Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Пәкістан #көңіл айту #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz