RU
Толық нұсқаға өту

«Ауыл» партиясы Павлодарда жаңа Конституция жобасын талқылады

09.02.2026, 15:00 255

«Ауыл» партиясы жаңа Конституциялық реформаны еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған стратегиялық қадам ретінде бағалап, қолдайтынын ресми мәлімдеген еді.

Партияның саяси кеңесінде  арнайы үндеу де қабылданды. Бүгінде партия аппараты өңірлерде жаңа жобаның мазмұны мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіріп, бірлесе талқылап жүр. Бұл жолы Павлодарда кездесу өткізді. Жиында еліміздің ауқымды өзгерістер мен түбегейлі жаңғырулар кезеңіне қадам басқаны айтылды. Басқосуға  зиялы қауым, аграрлық сала мамандары және партия мүшелері қатысты.

Нұрхат Ораш, «Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары:

- Конституцияның ішінде маған бір ұнаған жақсы бір тұстары біз болашақты қандай да бір қазба байлықтарға негіздеуіміз қажет емес. Керісінше жаңағыдай адамға, адамның біліміне оның әрі қарай дамуына осыған жаңағы үлкен капитал ретінде алуымыз керек деген тұстары өте қатты ұнады. Себебі кез келген елдің, кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы оның халқы, бұл біздің Конституцияда жазылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz