RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады 

09.02.2026, 17:09 265

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады. 

Кездесуде банк Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екені айтылды. Қазір банкпен инфрақұрылым және инвестиция салаларында бірлескен жобалар жүзеге асып, жалпы құны 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жоба қолға алынды. Президент Серіктестік туралы келісімге қол қойылуын құптап, оның экономикалық даму мен өңірлік ынтымақтастыққа серпін беретінін айтты. 

Өз кезегінде Цзоу Цзяи банк Қазақстанның энергетика, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қолдап отырғанын жеткізді. Тараптар алдағы жылдары инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді. Қазір банк Көкшетаудағы аурухана құрылысына, жел электр стансасына, бірқатар автожол жобаларына және Алматыны айналып өтетін теміржол салуға қаржы бөліп жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің осы лауазымдағы сапарыңызды Қазақстаннан бастағаныңызды жоғары бағалаймыз. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін жақсы нышан деп санаймыз. Банкпен бірге жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыз бен байланысымызды жандандыра түсетініне сенімдімін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz