Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Премьер-министр Олжас Бектенов өз баяндамасында азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтінін айтқан еді. Оның мәліметінше, жалпы ішкі өнімдегі еңбекақы үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр. Бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. Алайда Үкімет әлемдік орташа көрсеткішке, яғни, 40%-ға жетуді көздеп отыр. Жауаптылардың пікірінше, жалақының өсу қарқыны бизнес табысының динамикасынан артта қалып келеді. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге бағытталған. Осылайша, Үкіметтің 2026 жылға арналған негізгі басымдығы халықтың нақты табысының өсуі болып саналады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #саясат #үкімет #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz