RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді

10.02.2026, 13:10 322

Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басты. Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзін Конституциялық реформадан бастады. Алдымен комиссия ауқымы жағынан да кәсіби деңгейі тұрғысынан да еліміз үшін теңдесі жоқ құрам екеніне тоқталып, бұл жолы Ата заң шетел мамандарының қатысуынсыз жазылып жатқанын атап өтті.

Оның жұмысы барынша ашық жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы бұрын-соңды реформалар ешқашан дәл осылай жан-жақты талқыланып, тікелей эфир арқылы жұртшылықтың назарына ұсынылмағанына тоқталды. Қоғамның талабы тыңдалып жатыр. Соған орай жалпыұлттық ауқымдағы талқылау болды деп, «Бұл -Әділетті Қазақстан құрылысының айқын көрінісі», - деді. Конституция жобасының түрлі баптарын, халықтың қызу талқылап жатқанын еске салып, қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келетінін жеткізді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz