Ата заңға өзгеріс енгізу кезінде ашықтыққа ерекше мән берілді.
Талқылау барысында ел тұрғындарынан 10 мыңнан астам ұсыныс түскен дейді Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев. Азаматтар өз ой-пікірін eGov порталы мен «e-Өтініш» қосымшасы арқылы жолдап, белсенділік танытты. Жауапты органдар келіп түскен пікірлерді саралап, олардың едәуір бөлігін заң жобасын жетілдіру кезінде ескергенін мәлімдеді. Осылайша жаңа заң жобасы кең қоғамдық талқылаудан өтіп, халықтың қатысуымен қалыптасты.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өзінің ұсыныстарын айтып жатқан адамдар көп. Мына 95 баптың негізгі талқылауы да, қызығушылығы да 10–15 баптың айналасында болып жатыр. Соның ішінде 8-тармақ, 9-тармақ. Тіліміз бар, жер байлығымыз бар, мына денсаулық сақтау саласының мәселелері бар, оқу-ағарту саласының мәселелері бар. Халық қандай мәселелерге назарын аударып жатыр — соны біздер комиссия жұмысында байқадық. Осы Конституцияның жаңа жобасын қоғамның сұрақтарына жауап ретінде қалыптастырдық. Енді кеше жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Халық енді өздері саралап қарайды.
Тегтер #конституциялық реформа #ұсыныс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz