Ақтөбеде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының алғашқы жиыны өтті.
Коалиция құрамына саяси партия мүшелері, өкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары енді. Жалпы бірлестік қатарында 406 азамат бар. Олар тұрғындармен жүздесіп жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызын түсіндіреді. Осы бағытта өңірде 1300-ден астам шара өткізу жоспарланған.
Марат Қойлыбаев, облыстық мәслихат депутаты:
- Жаңа заңдылықтың ішіндегі тұтымды, ұстанымды тұстарын халыққа елге түсіндіруге осы штаб жұмысын атқарады. Ол адамның азаматтардың құқы. Осы құқыққа, адамның, азаматтардың құқына заңдылығына көптеген көңіл бөлініп жатыр. Сол себепті жаңа Конституция жобасында елімізге тұшымды да тұтымды жақсы бір өзгерістер болады деген сенімдеміз. Осыны елмен, халықпен кездескенде азамат ретінде айтамыз.
Тегтер #Ақтөбе #конституциялық реформа #коалиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz