Елшілікте француз сарапшылары, бизнес және іскерлік орта өкілдері, сондай-ақ Сорбонна университеті мен Иналько ((INALCO)) студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова құжатты әзірлеу барысы туралы айтып берді. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен ұсынылған түзетулерді Франция аудиториясына Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт түсіндірді. Ол бір палаталы Парламент құру, «Халық Кеңесін» жоғары консультативтік орган ретінде қалыптастыру және вице-президент институтын енгізу жөніндегі ұсыныстарға тоқталды. Талқылау барысында қатысушылар Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, Конституциялық сот, саяси партиялардың жұмысы жөніндегі нормаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ инвестициялық ахуалды жетілдіру және шетелдік компаниялардың қызметін қолдау мәселелері қозғалды.
Ромэн Лана, Airbus компаниясының Орталық Азия бойынша сату бөлімінің басшысы:
- Мұндай жобаларда ең алдымен реформаларға дайындық маңызды — өткен тәжірибеден, қолданыстағы Конституциядан сабақ алып, оның мықты тұстарын сақтай отырып, алға жылжу қажет. Мен Қазақстанда жұмыс істейтін компанияның өкілі ретінде тұрақтылық экономикалық және индустриялық қызмет үшін маңызды екенін ерекше атап өткім келеді.
Ба Амаду, IPSE институтының қауымдастырылған зерттеушісі:
- Жаңа Конституция жобасы қоғаммен ашық кеңес өткізіп, азаматтарға өздерін толғандыратын мәселелер бойынша мемлекеттік институттардың жұмысына қатысу, өз қажеттіліктерін білдіру бағытында демократиялық диалогқа қатысуға мүмкіндік береді деп санаймын. Жаңа жоба француз Конституциясы секілді азаматтардың теңдігін, діндер мен халық арасындағы диалогты бекітеді. Бұл іргелі құндылықтар.
Тегтер #Париж #Қазақстан #конституциялық реформа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz