Елдің жетекші қоғамдық-саяси күштері біріккен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция Павлодар облысында да өз жұмысын бастады.
Құрамына 130 адам кіретін жеті ақпараттық топ жасақталды. Белсенді топтар алдағы төрт апта ішінде ақпараттық-насихат жұмысын жүргізеді. Олар кәсіпорындар мен өндіріс орындарын аралап, сондай-ақ шалғай елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізеді. Негізгі мақсат, халыққа конституциялық бастамалардың мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіру, дейді коалиция мүшелері.
Асылбек Туғанбай, "Amanat" партиясы облыстық филиалының төрағасы:
- Біздің өңірлік штабқа да 130-дан астам, партиялардың, Ауыл, Республика, ҚХП, Ақжол партиясының, кәсіподақтың және кәсіпкерлер, басқа да өңірімізге белгілі белсенді азаматтар осы штабқа келіп кірді. Штаб референдумға байланысты халықтың арасында мынау жаңа Конституциялық реформаның, Конституцияға кірген жаңағы өзгешеліктерді түсіндіру жұмыстарымен айналысатын болады.
Тегтер #Павлодар облысы #конституциялық реформа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz