RU
Толық нұсқаға өту

Елордада жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

17.02.2026, 15:30 325

«Жаңа Конституция – болашаққа бағдар». Осындай атаумен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қабырғасында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірлесе ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті.

Жиында академияда қазір білім алып жатқандарға жаңа Ата заң жобасы егжей-тегжейлі таныстырылды. Отырысқа қатысқан Конституциялық комиссия мүшелері ұсынылып отырған өзгерістерді де түсіндірді. Негізгі түзетулер ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, жаңа нормалар қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, ашықтық пен есептілік қағидаттарын орнықтыруды көздейді. Кездесу барысында тыңдаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін де білдірді. 

Зұлфұхар Ғайыпов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры:

- Бүгінгі дөңгелек үстелге көптеген пікірлер айтылып жатыр. Олардың бәрі өте орынды. Ата заңның тағы да бір ерекшелігі – ол адамға бағдарланғандығы. Біз алғаш рет Конституцияда адамның табиғи құқықтары дейміз, ол адамның өмір сүруге, ерікті болуға және меншік иесі болу абсолютті деп осы Конституцияда жаздық.

Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еңбек құқықтарын қарасаңыздар – ол халықаралық пактілерде тура жазылған. Әр азаматтың еңбекке құқығы бар деп. Қазіргі Конституцияда жұмыстың бостандығы деп тұр. Ал былай қарасаңыз еңбекке құқығы болса, ол ертең жұмысқа гарантия, әлеуметтік жағдайы, жалақысы барлығы жағынан қорғайтын болады. Көзқарас деген барлық салада өзгереді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz