Atlantic Council ұйымы Еуразия орталығы директорының орынбасары Эндрю Д’аниери Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді.
Сарапшы кейінгі бір жыл ішінде ең жоғары деңгейде мазмұны терең әрі нәтижелі әріптестік орнағанын атап өтті. Байланыс тек саяси-дипломатиялық немесе символдық сипатпен шектелмей, сындарлы саясатпен толығып отырғанын жеткізді. Бұл тұрғыда мүмкіндіктер өте көп. Қос ел тау-кен, металлургия логистика саласында бірлесе жобаларды қолға алды. Алдағы уақытта Транскаспий бағыты, яғни Орта дәліздің дамуына баса көңіл бөлінеді. Қазақстан өнімдерін жаһандық нарыққа жеткізудің тиімді әрі үнемді жолы қажет.
Эндрю Д’аниери, Atlantic Council ұйымы Еуразия орталығы директорының орынбасары:
- Ұзақ жылдар бойы америкалық компаниялар ресурстарды игеру ісіне белсенді атсалысып, олардың өндірілуі, экспортталуы және тиімді пайдаланылуы арқылы өзара пайдалы серіктестік қалыптастырды. Қазіргі кезеңде дәл осындай ықпалдастыққа стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар мен сирек кездесетін элементтер саласында да мүмкіндік туып отыр. Қазақстанда ресурс мол, ал АҚШ-та қаржы, технология және қажетті сараптамалық тәжірибе жеткілікті. Мұндай әріптестік қос елге де қауіпсіздік пен экономикалық даму тұрғысынан нақты пайда әкеледі.
Тегтер #сарапшы #АҚШ #қарым қатынасPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz