Үкімет басшысы Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ресейдің іргелес жатқан Орынбор аймағы еліміздің маңызды серіктесі. Былтыр Қазақстан өңірлерінің осы облыспен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, 627 млн долларға дейін жеткен. Сондықтан да тараптар екі ел қатынасын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі екенін атап өтті. Тағы кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
Тегтер #Олжас Бектенов #губернатор #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz