Мемлекет басшысы Эстония президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Эстония #құттықтау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz