Республикалық референдумның әділ әрі ашық өтуін қадағалауға халықаралық байқаушылар да атсалысады.
Бүгін олар Орталық референдум комиссиясының төрағасымен алғашқы кездесуін өткізді. Жиында ТМД байқаушылар миссиясының Штабы өз жұмысын бастағаны айтылды. Тараптар алдағы науқанның ашықтығы мен дайындық деңгейін егжей-тегжейлі талқылап, сайлау процесінің әрбір қадамы заң шеңберінде өтуі тиіс екеніне тоқталды. Штаб құрамындағы жеті тұрақты байқаушы сайлау үдерісінің әрбір кезеңін жіті назарда ұстайды. Жалпы референдумда 12 млн-нан астам қазақстандық дауыс бере алады.
Евгений Козяк, ТМД байқаушылар миссиясы штабының басшысы:
- Бұл Қазақстанға жасаған 19-шы сапарымыз. 2001 жылдан бастап ТМД кеңістігіндегі сайлау науқандарына мониторинг жүргізіп келеміз. Бұл референдум 133-ші миссиямыз болмақ. Оған 100-ге жуық халықаралық байқаушы аккредиттеледі деп жоспарлап отырмыз. Қазір бұл жұмысты бастап кеттік, құрамды жасақтап жатырмыз.
Тегтер #референдум 2026 #ТМД #сайлау науқаныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz