RU
Толық нұсқаға өту

Сенат төрағасы Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігі басшысымен кездесті

26.02.2026, 19:10 52

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады. Палата спикері дипломатқа Қазақстанда жүріп жатқан Конституциялық реформа жайлы айтты. Мәулен Әшімбаев Конституциялық реформа Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістердің дәйекті жалғасы екенін жеткізді. Әрі бұл жаңғырту әділеттілік, заң үстемдігі және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі сияқты қағидаттарға негізделгенін атап өтті. Маңызды тұжырымдамалық өзгерістердің тағы бірі - адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалғанын ерекше атады. Еуропа одағы өкілдігінің басшысы біздің мемлекетте жүріп жатқан конституциялық реформаларға халықаралық қоғамдастық тарапынан ерекше қызығушылық байқалатынын айтты. Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-логистика, экологиялық таза энергетика, цифрлық технологиялар, су ресурстарын басқару, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері де назардан тыс қалмады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz