Жаңа Конституция жобасы - ел тарихындағы маңызды қоғамдық һәм саяси оқиға. Ол мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындап, демократиялық қағидаттарды нығайтады.
Құжатта әсіресе билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейтілген. Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева осылай дейді. Оның пайымынша, бұдан былай азаматтар қоғамдық-саяси өмірге етене араласып, мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі. Бұл – «Күшті Президент. Ықпалды Парламент. Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын іске асырудың айқын көрінісі болмақ - дейді депутат.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Болашақ реформалардың қарапайым азаматтарға қатынасы нақты көрсетіледі. Жалпы Парламенттің Үкміетті қалыптастыруға қатысуы және оның қызметін бақылау саяси жауапкершілікті күшейтеді. Біз уақытша уақытша саяси модель емес, берік құқықтық жүйе қалыпастырып отырмыз. Ал тұрақты мемлекет ең алдымен өкілеттілігі теңгерілген және жауапкершіліктері нақты айқындалған институттарға сүйенетін мемлекет. Бір сөзбен айтқанда «Күшті Президент. Ықпалды Парламент. Есеп беретін Үкімет» қағидатын бірден жүзеге асырып береміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz