RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан заманауи басқару моделіне өтеді

27.02.2026, 13:20 60

Қазақстандағы жаңа конституция жобасы елді дамудың келесі кезеңіне жетелейді.

Араб әмірліктерінің халықаралық мәдени дипломатия институтының басшысы Мохаммед Камиль әл Муайни осындай пікірде. Саяси сарапшының айтуынша, ауқымды өзгерістер мемлекеттің басқару жүйесін жетілдіріп қана қоймай, халықаралық сахнадағы ұстанымын нығырлай түседі. «Әсіресе цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, әлеуметтік әл-ауқатты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы бастамаларды ерекше атап өтуге болады. Мұның барлығы Қазақстанның бейбітшілікке, ішкі тұрақтылыққа және теңгерімді сыртқы саясат ұстанымдарына берік екенін көрсетеді», - дейді халықаралық қатынастар саласының маманы.

Мохаммед Камиль әл Муайни, "International Institute for Cultural Diplomacy" орталығының басшысы:

- Бұл тек заңдар жинағы емес, Қазақстанның келесі онжылдықтарға арналған стратегиялық бағытын айқындайтын құжат. Елді дамудың келесі кезеңіне жетелейтін, цифрлық дәуірге сай жаңғыртатын қадам десем де болады. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын нығайтуға басымдық беріліп отыр. Қазақстан осылай заманауи сын-қатерлерге бейімделген тиімді басқару моделін қалыптастыруға ұмтылып жатыр. Ендігі шешімді халық қабылдайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz