Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі маңызды әрі сенімді серіктесі.
«Бұндай ынтымақ – берік достық, өзара қолдау және ортақ мүдде тұрғысынан орнаған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучичтің БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі. Биыл екі мемлекеттің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толады. Президент Александр Вучичтің сапары мерейлі межеге тұспа-тұс келіп отыр», - деді Мемлекет басшысы. Осы аралықта Қазақстан мен Сербия арасында сенімге негізделген саяси диалог орнады. Нақты шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Үкіметтер нәтижелі жұмыс істеп, Парламентаралық байланыс нығайған. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықтың да тереңдей түскенін жеткізді.
Тегтер #сенім #диалог #Тоқаев #Александр ВучичPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz