RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті

02.03.2026, 16:30 41

Қазақстан қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Король шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесіп, осылай деді.

Тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді.  

Сонымен қатар Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді. Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады. Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz