Республикалық референдумның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге халықаралық байқаушылар белсенді атсалыспақ.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының - референдумды бағалау Миссиясының басшысы Дуглас Брюс Уэйкпен кездесті. Тараптар алдағы саяси науқанның дайындық барысын талқылады. Бүгінгі таңда 5 мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 21 байқаушы аккредиттелді. Олардың қатарында ТМД байқаушылар миссиясы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Түркі академиясы бар. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясынан өтінімдер келіп түскен. Айта кетейік, саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруіне басымдық берілген. Әр учаскеде Брайль қарпімен жазылған трафареттер, Конституция жобасының аудионұсқалары және арнайы кабиналар мен ақпараттық стендтер орнатылған. Биылғы референдумда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс беру құқығына ие.
Тегтер #референдум 2026 #байқау #аккредитация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz