RU
Толық нұсқаға өту

Жалпыұлттық коалиция мүшелері мұнайшылармен кездесті 

03.03.2026, 20:00 37

Мәжіліс төрағасы бастаған Жалпыұлттық коалиция мүшелері Атырау облысына барды.

Өнеркәсіптік өңірде қоғам өкілдерімен, шығармашыл жастармен, мұнайшылармен және кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, алдағы референдумның елдің болашағы, әр отбасы мен әрбір қазақстандық үшін тарихи маңызы туралы әңгімелесті. Ата заң жобасы – қоғамда қордаланған әділдікті орнықтыру, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету және баршаға тең мүмкіндіктер беру жөніндегі талаптарға берілген жауап, деді Ерлан Қошанов. Жаңа Конституция өткен мен бүгінді байланыстырып, елдің болашаққа бағыт алған жолын айқындайды. Мұнайлы өңір тұрғындары үшін еңбек құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерді қорғау үшін құқықтық механизмдерді нығайту, сондай-ақ Заң мен тәртіптің үстемдігі принципін бекіту ерекше маңызды. Бұл инвесторлар үшін де, жұмысшылар үшін де алдын ала болжанатын құқықтық ортаны қамтамасыз етеді.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz